22 сәуір, онлайн «Халық Газеті» — Осакадағы дүниежүзілік көрмедегі Қытай павильонының «Қытайлықтардың бір тәулігі» атты тақырыптық фильмі шықты. Қытайдың ата-бабаларының «он екі мезгіл» (бір мезгіл екі сағат)даналығында ежелгі заманнан бергі қытайлықтардың өмір философиясы жатыр.
Бір тәулік 24 сағат, он екі мезгілден тұрады. Осы қарапайым күнделікті өмірдегі барлық жұмыстар Қытай халқының жүріс-тұрысының үйлесімін түсіндіреді, табиғатпен үндесетін өмір ұстанымын көрсетіп, олардың бақытты өмірін бейнелейді.